сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Өскеменде тұрғын үйден өрт шығып, 5 адам эвакуацияланды

/
ТЖМ
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр

Мазмұны

    Өскеменде Назарбаев даңғылында 5 қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

    Өскеменде Назарбаев даңғылында 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатында орналасқан пәтерде 15 шаршы метр алаңда жиһаз, жеке заттар жанды. Жедел жеткен өрт сөндірушілер көрші пәтерлерден құтқару капюшондарының көмегімен 5 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады және өртті тез арада сөндірді, — делінген хабарламада.

    Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

    Бөлісу: