сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Қызылорда облысында қайтыс болған баланы таэквондо секциясына тіркеген

/
Baigenews.kz
Қазіргі уақытта мемлекетке 30-дан астам өнім берушіден 91 млн теңге өндірілді

Мазмұны

    Қызылордалық прокурорлар «Damubala» бағдарламасы аясында ашылған үйірмелер мен секциялар жұмысында бірқатар заңбұзушылықты анықтады.

    Мысалы, Жалағаш ауданында қайтыс болған бала таэквондо секциясына тіркелсе, тірек-қимыл жүйесі бұзылған бала заманауи би үйірмесіне жазылған. Бұл арқылы кейбір жауапты тұлғалар заңсыз пайда тапқан.

    Облыстық прокуратураның мәліметінше, мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру талаптарының сақталуын бақылау тиісінше жүргізілмеген. Кейбір өнім берушілер домбыра және эстрадалық вокал үйірмелерін 2020 жылдан бері қараусыз қалған, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық талаптарға сай келмейтін ғимараттарда өткізген. Бақылаудың жоқтығынан балалар қауіпсіздік талаптарына сай емес нысандарда тәрбиеленген.

    Қадағалаушы органның мәліметінше, заң талаптарының сақталмауы мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру мәселесінің дұрыс жоспарланбауынан басталған. Соңғы үш жылда осы мақсатқа 11,6 млрд теңге бөлініп, 310 өнім беруші қызмет көрсеткен. Алайда жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қатаң бақыламаған. Соның салдарынан өнім берушілерге 500 млн теңгеге жуық қаржы негізсіз төленген.

    Қазіргі уақытта мемлекетке 30-дан астам өнім берушіден 91 млн теңге өндірілді.

    Бөлісу: