Ойын елорда уақытымен 18:55-те басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі
Мазмұны
Бүгін, 23 наурыз күні футзалдан Қазақстан кубогінің финалында алматылық «Қайрат» пен «Семей» командалары бақ сынайды. Ойын елорда уақытымен 18:55-те басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Жартылай финалда «Қайрат» Рудныйдың «Аят» командасын 3:0 есебімен ұтса, «Семей» «Ақтөбені» 5:2 есебімен жеңді.
Бұл екі команда 2024 жылы да Қазақстан кубогінің финалында кездескен, сол жолы алматылық клуб жеңіске жеткен еді.
Қазақстан кубогі 1996 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт ішінде «Қайрат» 19 мәрте кубок иегері атанса, бұған дейін қарағандылық «Тұлпар», ақтаулық «Мұнайшы», «Ақтөбе» және басқа да клубтар бұл атаққа қол жеткізген.