Оқиға орнына дәрігерлер екі минут ішінде жеткенімен, ұшақтың қалдықтары сол сәтте толықтай өртке оранған
Мазмұны
22 наурыз күні Оңтүстік Африканың Салданья қаласында өткен West Coast Air Show авиашоуы кезінде көрерменнің көз алдында ұшақ апатқа ұшырады.
Sky News мәліметінше, куәгерлер ұшақ ұшу барысында толық бақылауда болған. Алайда соңғы маневрлердің бірінде кенеттен биіктігін жоғалтып, жерге құлаған.
Әуе кемесін тәжірибелі ұшқыш-сынақшы Джеймс О’Коннелл басқарған. Өкінішке қарай, ол апат салдарынан қаза тапты.
Оқиға орнына дәрігерлер екі минут ішінде жеткенімен, ұшақтың қалдықтары сол сәтте толықтай өртке оранған.
Қазіргі уақытта Оңтүстік Африканың азаматтық авиация басқармасы апаттың себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.