сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Ақтөбеде көз жұмған екі балаға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

/
maps.resurs.kz
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем бригадасы келген кезде балалар тірі болмаған

Мазмұны

    Дәрігерлер Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында болған жан түршігерлік оқиғаның мән-жайын айтып берді. Бұл жерде әйел өзінің екі кәмелетке толмаған баласын өлтірді деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем бригадасы келген кезде балалар тірі болмаған.

    Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына сағат 13:25-те жетті. Дәрігерлер келген кезде балалардың қайтыс болғаны анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, оларды тұншықтырған. Марқұмдардың денесінде асфиксия белгілері болған, – деп хабарлады ведомстводан.

    Сонымен қатар, басқарманың мәліметінше, қаза болған балалардың анасы Қандыағашқа Атырау облысынан 14 наурызда келген. Ол ата-анасын көруге келгені айтылуда. Бейресми деректерге сүйенсек, әйел өз балаларын жастықпен тұншықтырып өлтірген.

    Бөлісу: