«Семей» 5:1 есебімен жеңіске жетіп, клуб тарихында алғаш рет Қазақстан кубогін иеленді
Мазмұны
«Семей» клубы 2025 жылғы Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды. Финалда семейлік команда алматылық «Қайратпен» кездесіп, жеңіске жетті.
Ойын барысында «Семей» командасының басымдығы байқалды. Кайо Торрес (3, 19-минуттар), Дедезиньо (16-минут), Кандидо (22-минут) және Дәрібай (36-минут) мергендік танытып, командасына бес гол сыйлады. Ал «Қайраттың» жалғыз голын 24-минутта Денер соқты.
Осылайша, «Семей» 5:1 есебімен жеңіске жетіп, клуб тарихында алғаш рет Қазақстан кубогін иеленді.