Ертең ауа райы қандай болады?
Мазмұны
"Қазгидромет" синоптиктері 24 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
Синоптиктердің болжамынша, елдің оңтүстігінде қатты жаңбыр жауса, оңтүстік-шығыста, батыста қатты жауын-шашын, яғни жаңбыр мен қар күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте, шығыста көктайғақ болып, оңтүстікте найзағай ойнайды деп болжанып отыр.