сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Екібастұзда полицей алпыс келілік қошқарды 200 рет көтерді

/
Видеодан алынған кадр
Жарыс жеңімпаздары көрерменнің қызу қолдауымен медальдармен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды

Мазмұны

    Павлодар облысында полиция қызметкерлері Наурыз мейрамы кезінде тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, спорттық жарыстарға да қатысқан, деп хабарлады өңірлік ПД баспасөз қызметі.

    Гір көтеру сайысында Екібастұз және Ертіс ауданының полицейлері ерекше көзге түсті. Арнайы бөлімше қызметкері Асхат Нұрмағамбет 24 келілік гірді 65 рет көтеріп, абсолютті чемпион атанды. Ал 32 келілік снарядты 45 рет көтерген учаскелік инспектор Рүстем Қоңырбаев алтын медаль жеңіп алды.

    Көрерменді баурайтын көрініс, күш пен төзімділіктің сынағы, жеңіске деген жігер – мұның бәрі ұлттық күрес қазақ күресінің басты ерекшеліктері. 80 кг дейінгі салмақта Успен ауданының уақытша ұстау изоляторының қызметкері Имират Шалабанов үшінші орын алды. 90 кг дейінгі салмақта қола жүлдегер атанған – аға жедел уәкіл Мейрам Қантарбаев, ал 100 кг дейінгі санатта үздік үштікке ПД ғимаратын қорғау инспекторы Саян Мұқатаев кірді.

    “Қой көтеру сайысында бірінші орынды Екібастұз қалалық полиция басқармасының арнайы бөлімше қызметкері Қожахмет Рахимбердин иеленді. Ол 60 келілік қошқарды 200 рет көтерді”, – делінген ПД хабарламасында.

    Қол күресінде (армрестлинг) Тереңкөл ауданының криминалдық полициясының аға жедел уәкілі Сергей Козлов жеңімпаз атанды.

    Жарыс жеңімпаздары көрерменнің қызу қолдауымен медальдармен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

    Бөлісу: