Мазмұны
Әлеуметтік желіде сахнада өнер көрсетіп тұрған мектеп оқушыларына дөрекі сөйлеп, ұрысқан директордың видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бейжазбадағы кадрларға қарағанда, педагог өзін өте дөрекі ұстап, оқушыларға жекіп тастайды.
"Менің сұрағым бар... Сен өзің сырғанадың ба?Бізге сендердің интернеттен көшірген ақпараттарыңды тыңдау қызықты емес. Ренжімеңдер! Сонымен қатар сендердің оқу мәнерлерің сондай жиіркенішті, бара беріңдер", - дейді мектеп директоры.
Директордың бұл әрекеті желі қолданушыларына ұнамай, наразылықтарын білдірді.
"Бұл кісі қалай педагог болып жүр? Бір мектеп ті қалай басқарып отыр, оқушылармен дұрыстап сөйлесе алмаса. Сұмдық, мынадай мектепте баламды бір минутта оқытпаспын", - делінген пікірлерде.
Айта кетейік, желідегі ақпараттарға сенсек, мектеп Алматы қаласында орналасқан болуы мүмкін.