Бұл туралы Еуропа-Теңіз сейсмологиялық орталығы хабарлаған.
Мазмұны
Дүйсенбі күні Иранда магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz.
Жер асты дүмпулері Керманнан солтүстік-шығысқа қарай 56 шақырым жерде тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы 10 км тереңдікте орналасқан.
Қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Еске салайық, осыдан үш күн бұрын ғана Иранда жер сілкінген еді.