сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Үш жастағы қазақстандық қыз Нью-Йорке көшелерінде бауырсақ таратты

/
видеодан алынған скрин
Бүлдіршіннің отбасы жақында ғана АҚШ-қа көшіп барған.

Мазмұны

    Алматыдан барған үш жасар Амира қазақтың ұлттық киімімен Таймс-скверге шығып, АҚШ азаматтарына тарту жасады, деп хабарлады turkystan.kz MADENIPORTAL.KZ сайтына сілтеме жасап.

    Наурыздың құрметіне оның анасы бауырсақ пісірген. Ал Амира алаңдағы адамдардан бастап танымал көше кейіпкерлеріне дейін: Бэтмен, Кинг-Конг және Микки Маус сияқты кейіпкерлерге бауырсақ үлестірген.

    Бүлдіршіннің бұл әрекетіне адамдар айрықша реакциясы білдірген. Олардың бірі бауырсақтан қуана дәм татса, біреуі дәстүрге қызығушылық танытқан, ал енді бірі қыздың сүйкімділігіне тамсанып, оны суретке түсірді.

     

    Бөлісу: