сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Эр-Риядтағы келіссөз аяқталды: Дональд Трамп қалай өткенін айтып берді

/
Фото: wired
АҚШ делегациясы Украина және Ресей өкілдерімен бөлек кездесіп жатыр

Мазмұны

    Трамп Сауд Арабиясындағы келіссөз туралы айтты, деп хабарлайды BBC.

    Америка үкіметінің отырысында Трамп Сауд Арабиясында өтіп жатқан келіссөз барысы туралы айтты. Онда АҚШ делегациясы Украина және Ресей өкілдерімен бөлек кездесіп жатыр.

    – Дәл қазір біз аумақ туралы айтып отырмыз. Біз демаркациялық сызық туралы айтып отырмыз. Әңгіме энергетика туралы, электр станциясының меншігі туралы. Кейбір адамдар АҚШ бұл электр станциясына ие болуы керек дейді, өйткені бізде тәжірибе бар, - деді Трамп.

    Өткен аптада АҚШ шенеуніктері Украинаның атом электр стансаларының қорғалуын қамтамасыз ету үшін оларды жеке меншікке алуды ұсынды. Бұған жауап ретінде Зеленский атом электр станцияларының мемлекетке тиесілі екенін, бірақ Киев Запорожье атом электр станциясына америкалық инвестиция салуды қарастыруы мүмкін екенін айтты.

    Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп Киев пен Вашингтон жақын арада Украинаның сирек пайдалы қазбаларды бірлесіп өндіру туралы келісімге қол қоятынына тағы да уәде берді.

    Бөлісу: