сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Францияда екі реактивті ұшақ апатқа ұшырады

/
сурет ашық дереккөзден алынды
Оқиға Францияның шығысындағы оқу-жаттығу кезінде болған.

Мазмұны

    Patrouille de France ("Патруй-де-Франс") пилотаждық тобының екі Alpha Jet реактивті ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлады turkystan.kz.

    Бұл туралы Франция Қарулы Күштер министрі Себастьен Лекорню өзінің Х әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) парақшасында мәлімдеді.

    "Елдің шығысында бүгін екі француз Alpha Jet ұшағының апаты болды. Ұшақтар дайындық кезінде апатқа ұшырады. Құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр, Ішкі істер министрлігі мен Қарулы Күштер арасында координация жүргізілуде", — делінген хабарламада.

     

    Бөлісу: