Туған күннің қалай өткенін әнші әлеуметтік желіде көрсетті.
Мазмұны
Бүркіт пен Аиша шаңырақтарындағы қуанышты жаңалықты бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.
«Туған-туысымызды, папам мен анамыздың жора-жолдастарын үйге шақырып, әкеміздің 88 жасын атап өттік! Біздің байлығымыз – осы. Әкем мен анам бір қуанып қалды, шіркін! Көңіл-күйлері бір көтерілді. Бұрынғысын еске түсіріп, әңгіме айтып, күліп алды. Қарттық деген – осы. 100 жасаңыздар!», – деп жазды әнші.