сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Қазақстандық балуан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

/
сурет ашық дереккөзден алынды
Ибрагим Магомадов 77 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті.

Мазмұны

    Қазақстандық балуан Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды, деп хабарлады turkystan.kz.

    Қола медаль үшін өткен белдесуде қазақстандық балуан иорданиялық Амро Садеден басым түсті.

    Сондай-ақ, 87 келі салмақта Шамиль Ожаев та қола медаль үшін сынға түседі.

    130 келі салмақта Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатының финалында бақ сынайды.

    Айта кетейік, бұған дейін Ербол Қамалиев (55 келі) өзбекстандық Ихтиёр Ботировқа жол берсе, Сұлтан Әсетұлы (63 келі) солтүстіккореялық Чан Кимге есе жіберген болатын.

    Бөлісу: