Лидден өз кінәсін мойындады және оған қатысты үкім 11 сәуірде шығарылады.
Мазмұны
Аустралия тұрғыны 24 жастағы Эммануэль Лидден Менделеев кестесіндегі барлық химиялық элементті жинау үшін плутоний үлгілерін сатып алған. Енді ол ядролық қаруды таратпау туралы заңды бұзғаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
2023 жылғы тамызда Лидден интернет арқылы плутоний сатып алып, оны ата-анасының Сиднейдегі үйіне жеткізуді жоспарлаған. Алайда, тапсырысты курьер емес, Аустралияның шекара қызметінің (ABF) офицерлері, өрт сөндірушілер, полиция және химиялық қауіптерге қарсы арнайы киімдегі медицина қызметкерлері қарсы алған. Бұл жағдай елде үлкен төтенше жағдай режимін тудырыпты.
Сот отырысында Лидден ядролық қару жасауды ойламағанын, тек химиялық элементтерді жинау оның сүйікті ісі екенін және жұмыстағы стрессті осылай басатынын мәлімдеді. Дегенмен, бұл оқиғадан кейін ол жұмысынан айырылды.
Лидден өз кінәсін мойындады және оған қатысты үкім 11 сәуірде шығарылады.