сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Словения президенті Қазақстанға ресми іс-сапармен келеді

/
istockphoto.com
Екі ел арасындағы іскерлік байланысты дамытуға айрықша назар аударылып, Қазақстан-Словения бизнес-форумы өтеді.

Мазмұны

    2025 жылдың 31 наурыз – 1 сәуір күндері Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлады turkystan.kz.

    Сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

    Екі ел арасындағы іскерлік байланысты дамытуға айрықша назар аударылып, Қазақстан-Словения бизнес-форумы өтеді.

    Словения экожүйелерді қорғау және орнықты даму бастамаларын белсенді түрде ілгерілетіп келеді. Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасты арттыруға, соның ішінде экология, экономика және гуманитарлық бастамаларды нығайтуға тың мүмкіндік береді.

    Бөлісу: