Мазмұны
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы 2024 жылдың есебін жариялады.
Компанияның 2024 жылғы табысы 8 трлн 330 млрд теңге (17 750 млн АҚШ доллары) болды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 0,1% жоғары. Табыстың тұрақтылығы бірқатар факторға, соның ішінде мұнай өндіру мен тасымалдау көлемінің өсуіне байланысты.
— Бұл шикі газды айдау компрессорларындағы жөндеу жұмыстары мен шлюз ұстағышты ауыстыру есебінен Қашағандағы шикі мұнайды сату көлемінің төмендеуінің және Petromidia мұнай өңдеу зауытындағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты KMG International-ға мұнай өнімдерін сату көлемінің төмендеуінің кері әсерін өтеді, — деп жазылған есепте.
Сонымен, ұлттық компанияның былтырғы табысы 2023 жылға көрсеткіштен 20 млрд доллар көп болып отыр.
Ал салық пен борыш міндеттемелерін алып тастағандағы таза табыс 1 трлн 94 млрд теңге (2 трлн 332 млн доллар) болған. 2023 жылғы таза табыс көлемі 927 млрд теңге еді.
Компанияның мойнындағы жалпы борыш көлемі 3 трлн 967 млрд теңге (7 млрд 555 млн доллар) деп көрсетілген. Бұл 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы көрсеткіштен 210 млрд теңге көп. Оның ішінде таза қарыз 1 трлн 163 млрд теңге (2 млрд 214 млн доллар) болған. (2023 жылы таза қарыз көлемі 1 трлн 645 млрд теңге еді).