сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Әзербайжанда жер сілкінісі болды

/
сурет ашық дереккөзден алынды
Апаттың эпицентріне жақын орналасқан елді мекендерде жер сілкінісі 3 баллға дейін сезілген.

Мазмұны

    Әзербайжанның Мингячевир су қоймасында жер сілкінісі болды, деп хабарлады turkystan.kz.

    Oxu.Az хабарлағандай, бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология қызметінің Республикалық орталығы мәлімдеді.

    Ақпаратқа сәйкес, жер асты дүмпулері "Гянджа" сейсмикалық станциясынан 46 км солтүстік-шығысқа қарай орналасқан Самух ауданында (Мингячевир су қоймасы) тіркелді.

    Айта кету керек, апаттың эпицентріне жақын орналасқан елді мекендерде жер сілкінісі 3 баллға дейін сезілген.

    Бөлісу: