Отандасымыз 82 келі салмақта ел намысын қорғады.
Мазмұны
Омар Сатаев грек-рим күресінен Иорданияның астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына екінші күміс медальді салды.
Отандасымыз 82 келі салмақта ел намысын қорғады.
Қазақстандық балуан ақтық сында ирандық Мохаммад Нагусимен өзара мықтыны анықтады. Тартысқа толы белдесуде Омар Сатаев 1:3 есебімен жол берді.
Осылайша Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Азия чемпионатында төрт медальға ие болды. Бұған дейін 130 келі салмақта Әлімхан Сыздықов күміс медальға қол жеткізген болатын. Ал Ибрагим Магомадов (77 келіге дейін) және Шамиль Ожаев (87 келіге дейін) қола медальға ие болған еді.