дүйсенбі, 31 наурыз, 2025

СҚО-да жылқы ұрлаған азамат орман ішінен жеркепе салып алған

/
polisia.kz
Ұрлаған малды сол жерге апарып, сойып, етін мүшелеген.

Мазмұны

    Полиция департаменті өткен жылдың желтоқсан айында М.Жұмабаев ауданының 48 жастағы тұрғынын ұстаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

    Ол орман ішінен жеркепе қазып, сонда жасырынған. Полицейлер ұрланған жылқының ізімен жүріп отырып, ер адамды орман ішінде жануардың етін мүшелеп жатқан жерінде ұстаған.

    Аудандық полиция бөлімінің бастығы Асан Мейрамовтың айтуынша, қылмыскер бұрын екі пәтер ұрлығы үшін сотталған. Бір жағдайда бос тұрған үйден приставкасы бар спутниктік антеннаны, кілемдер мен төсеніштерді алып кеткен. Антеннаны екі бөтелке араққа сатқан, қалғанын өткізе алмаған соң лақтырып жіберген. Екінші үйден азық-түлік, телефон мен планшетті ұрлаған. Телефонды сата алмаған соң өзіне қалдырып, ал планшетті жоғалтқан. Кейін ол бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға кесілген соң, пробация қызметінде тіркелмеген. Тіпті бұған дейінгі тонаған үйге қайтадан кірген. Қажетті көлемдегі азық-түлікті алып кетіп, Булаево-Молодогвардейское автожолының маңындағы қалың орманда жеркепе қазып алған. Жайлы болу үшін ішіне пеш те салып үлгерген.

    Бұнысымен қоймай, ауылдардың біріндегі өзі жұмыс істеген үйге баруды ойластырған. Үй маңын, тіршілікті жақсы білетін қылмыскер үйретілген айғырды, ер-тоқым, жүген мен пиманы алып кеткен. Полиция полковнигі Мейрамов атап өткендей, бұл уақытта аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері қылмыскердің кім екенін түсінген.

    Тергеу аяқталғаннан кейін іс материалдары сотқа жіберілді, сот ер адамды кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.

    Бөлісу: