сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Франция билігі әр үйге жан сақтау жөнінде нұсқаулық жібермек

/
сурет: istockphoto.com
Нұсқаулық 20 беттен тұрады.

Мазмұны

    Франция үкіметі осы жазда әр үйге қарулы қақтығыс немесе басқа да дағдарыс кезінде әрекет ету бойынша жиырма беттік нұсқаулық жіберуді жоспарлап отыр.

    Europe 1 хабарлауынша, бұл құжат Норвегия мен Швецияда 2018 жылы таратылған "Om krisen eller kriget kommer" ("Дағдарыс немесе соғыс болған жағдайда") брошюрасына негізделеді. Онда алдағы қауіпке дайындалу үшін жасалуы тиіс негізгі қадамдар егжей-тегжейлі сипатталады.

    Құжатта төтенше жағдайларға:

    • қарулы қақтығыстар,

    • табиғи апаттар (мысалы, су тасқыны),

    • эпидемиялар жататыны көрсетіледі.

    Осы арқылы Франция билігі халықтың төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуін қамтамасыз етуді көздеп отыр.

    Бөлісу: