дүйсенбі, 31 наурыз, 2025

Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық қаза тапты

/
сурет ашық дереккөзден алынды
Отқа оранған көліктен төрт ер адамның денесі табылды.

Мазмұны

    Оңтүстік Кореяда жол-көлік апаты орын алып, Қазақстан азаматтары қайтыс болды. Korea JoongAng Daily басылымының мәліметінше, Хвасон қаласында Mercedes-Benz маркалы көлік жолаушылармен бірге жолдың оң жақтағы қоршауына соғылып, одан кейін жардан құлап, тұтанып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

    Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетіп, жарты сағат ішінде тілсіз жауды өшірген.

    Жол апаты Кенгидо провинциясында болған.

    Отқа оранған көліктен төрт ер адамның мәйіті табылды. Олардың тұлғасы әлі анықталмаған.

    "Бейсенбі күні таңертең Сохэн автомагистралінде төрт Қазақстан азаматы отырған көлік жардан құлап, салдарынан олардың барлығы қаза тапты", – делінген хабарламада. 

     

    Бөлісу: