Мазмұны
Кезекті ән сапардан оралған Роза Әлқожа Тобыл-Торғай өлкесіндегі концертінен алған әсері жайлы әсерлі жазба жарилады, деп хабарлады turkystan.kz.
Әнші ән сапардан алған әсерін айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Астана-Қостанай-Арқалық сапары аяқталып, шүкір айтып Алатауға оралдық. Ақжарма пейіл, алғаусыз тілек үшін де шақырымдар жүруге тұрарлықтай. Ғұмыр мәңгі емесін сезінгенде сөйлеп, билеп қалғың келеді, ә?! Ойлана бергенше тойлатып жүргенге не жетсін?!
Мына қысқа ғұмырда бір біріңді кемсітпей, “қажамай,” өсектемей ғажап ғұмыр кешуге болады! Ол үшін жүректі “тазартып,” “жайып, кептіріп” алу керек! Шүкір, зікір - пікірден жақсы.
Тәубе, қанағат, тәуекел - түңілістен жақсы. Қолға алған іс бітіреді, ойға алған - отырады, сөз қылған - сау басына тілеп алады. Сондықтан - қозғалыста болайық!», - деді Роза Әлқожа.