дүйсенбі, 31 наурыз, 2025

Павлодарда ер адам кішкентай балаға шабуыл жасаған

/
коллаж: turkystan.kz
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Мазмұны

    Павлодар қаласында ер адам тұрғын үйдің алдындағы аулада кішкентай балаға шабуыл жасаған, деп хабарлады turkystan.kz.

    Оқиға 19 наурызда болған. 2016 жылы туған мектеп оқушысы үйіне қайтып келе жатқанда, соңына бейтаныс ер адам түскен. Сол сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

    Ер адам баламен бірге кіреберіске енген. Сол кезде ғимаратқа курьер кіріп, баланы құтқарып қалған. Жанжалдан кейін күдікті баланы босатып, қашып кеткен.

    Полиция балаға шабуыл жасаған ер адамның жеке басын анықтады. Ол мамандандырылған медициналық мекемеге жатқызылды.

    Бөлісу: