дүйсенбі, 31 наурыз, 2025

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

/
istockphoto.com
Атырау облысының батысында тұман түседі

Мазмұны

    "Қазгидромет" синоптиктері еліміздің 11 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

    Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

    Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с-ке жетеді.

    Алматыда күндіз шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15 метрге жетеді.

    Атырау облысының батысында тұман түседі.

    Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с болады.

    Абай облысының оңтүстігінде шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

    Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі.

    Жамбыл облысының таулы аудандарында кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

    Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысында, шығысында тұман.

    Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

    Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

    Бөлісу: