дүйсенбі, 31 наурыз, 2025

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

/
istockphoto.com
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал

Мазмұны

     «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

    — 2025 жылғы 28 наурызда Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Орал, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

    Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

    Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

    Бөлісу: