Мазмұны
Жамбыл облысындағы Меркі ауылының тұрғындары түнде сағат 03:42-де болған жер сілкінісінен видеоларды желіде таратып жатыр.
Жер сілкінісі Меркі мен Құлан ауылдарының тұрғындарына қатты сезілді.
- Меркі ауылы - 5.0 балл;
- Құлан ауылы - 4.0 балл;
- Шу - 2.0 балл;
- Төле Би ауылы - 2.0 балл;
- Сарыкемер ауылы - 2.0 балл;
- Тараз - 2.0 балл;
- Қордай ауылы - 2.0 балл;
- Аса ауылы - 2.0 балл;
- Мойынқұм ауылы - 2.0 балл.
Төтенше жағдайлар министрлігі зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ екенін мәлімдеді.