Егер АҚШ-пен қарым-қатынас шиеленісе түссе, Еуроодақтың мемлекеттік құрылымдары мен стратегиялық ұйымдары Microsoft-қа тәуелсіз жұмыс істей алады.
Мазмұны
Еуроодақ АҚШ бағдарлама жасақтамасына деген тәуелділікті азайту үшін өз операциялық жүйесін – EU OS-ты әзірлеп жатыр.
Жаңа жүйе Linux негізінде жасалады, бірақ сыртқы көрінісі Windows-қа ұқсас болады: сол белгішелер, таныс жұмыс үстелі және қолдануға ыңғайлы интерфейс.
Бұл қадам ЕО-ның технологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және ықтимал геосаяси сын-қатерге дайын болуға бағытталған. Егер АҚШ-пен қарым-қатынас шиеленісе түссе, Еуроодақтың мемлекеттік құрылымдары мен стратегиялық ұйымдары Microsoft-қа тәуелсіз жұмыс істей алады.
Қазіргі уақытта EU OS әзірлеу кезеңінде тұр, алайда Брюссель мемлекеттік мекемелер мен маңызды ұйымдарды біртіндеп жаңа жүйеге көшіру мүмкіндіктерін қарастыруда.