сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Алматыда азаматтарды 346 млн теңгеге сан соқтырған күдіктілер ұсталды

/
Polisia.kz

Мазмұны

    Бүгінгі таңда азаматтарға келтірілген жалпы шығын 346 миллион теңгеден астам сомманы құрайды.

    Алдын ала мәлімет бойынша қылмыскерлер халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуды ұсынып, алдап кеткен. Олардың әрекеттерінің салдарынан көптеген азаматтар айтарлықтай материалдық шығынға ұшырады.

    Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі - аса ірі көлемде жасалған алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция зардап шеккендердің барлығын және қылмыстық әрекеттің қосымша эпизодтарын анықтау бойынша шаралар қабылдауда, - деді Алматы қалалық ПД тергеу басқармасының бастығы Айбат Мурзамадиев.

    Аталған күдіктілердің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз: 8-708-804-17-55; 8-747-181-05-74 және 8-777-216-17-37.

     

    Бөлісу: