сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Доллар 5 теңгеге қымбаттады

/
istockphoto.com
Ұлттық банктің бүгінгі күнге бекіткен ресми бағамы 498,25 теңге.

Мазмұны

    Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағасы 503,42 теңгені құрады. Осылайша АҚШ валютасы 4,95 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.

    Ұлттық банктің бүгінгі күнге бекіткен ресми бағамы 498,25 теңге.

    Kurs.kz сайтының мәліметінше қазір Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 504,47 теңгеден, Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде 505,05 теңгеден сатылып жатыр.

    Айта кетейік 26 наурызда доллар 0,99 теңгеге, 27 наурызда 3,31 теңгеге арзандаған болатын.

    Бөлісу: