Мазмұны
ҚР ТЖМ "СБЗҰГО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 28 наурызда Астана уақытымен 16 сағат 00 минутта жер сілкінісі тіркелді.
ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан.
- Есептік қарқындылығы:
- Мерке ауылы – 5.0 балл
- Кұлан ауылы – 4.4 балл
- Шу қаласы – 2.6 балл
- Толе Би ауылы – 2.5 балл
- Сарыкемер ауылы – 2.5 балл
- Тараз қаласы – 2.4 балл
- Қордай ауылы – 2.4 балл
- Аса ауылы – 2.2 балл
- Мойынкұм ауылы – 2.0 балл.
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам:
1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
- көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.