дүйсенбі, 31 наурыз, 2025

Астанада жас жігіт гашиш таратқаны үшін ұсталды

/
polisia.kz
25 жастағы жігіт қобалжып, қашуға әрекеттенген.

Мазмұны

    Есіл ауданының полициясы жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, жергілікті тұрғынды құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

    Алайда 25 жастағы жігіт қобалжып, қашуға әрекеттенген.

    Полиция қызметкерлері оны қуып жетіп, ұстаған. Тінту кезінде қалтасынан 50 орам есірткі заты табылып, тәркіленді.

    Сараптама нәтижесінде оның гашиш екені анықталды.

    Жас жігіт есірткі затын жасырумен айналысқан. Ол жасырын орындардың координаттарын мессенджер арқылы жіберіп, қала аумағында жұмыс істеген.

    Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды есірткіні жасыру әдісімен тарату – ауыр қылмыс екенін ескертеді.

    Бөлісу: