Мазмұны
Таллинн филармониясының залында Наурызды атап өтуге арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шара Қазақстанның Эстониядағы елшілігі мен Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен өтті.
Мерекелік кеш эстондық аудитория үшін дәстүрлі қазақтың тоғызқұмалақ ойынынан басталды. Қазақстанның мәдени игілігі саналатын және ЮНЕСКО-ның адамзат мәдени мұрасының тізіміне енгізілген бұл зияткерлік ойын қатысушылардың, олардың арасында Эстониядағы дипломатиялық миссиялардың, мәдени және іскер топтардың, сондай-ақ диаспора өкілдері арасында үлкен қызығушылық тудырды. Қонақтар ойын ережелерін тез меңгеріп, оның ерекшелігін атап өтті.
Қызылорда облыстық филармониясының әртістері жиналған көпшілікке халық шығармашылығының жауһарлары мен заманауи қазақстандық композиторлардың шығармаларын орындады. Көрермен қазақстандық әртістерге шынайы ықыласын білдіріп, ду қол шапалақтады.
Аталған кеш музыка мен мәдениеттің мерекесі ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Эстония халықтары арасындағы достық байланыстарды нығайтуға қосқан маңызды үлес болды. Эстония астанасында өткен іс-шара Қазақстан халықтар арасындағы диалогты нығайтуға және халықаралық аренада өзінің бірегей дәстүрлерін ілгерілетуге деген ұмтылысын тағы да көрсетті.