сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Бибігүл Жексенбай медиа саласындағы коммуникация туралы дәріс оқыды

/

Мазмұны

    «ÓzgeEpic» креатив хабында «Ғылыми кеш» жобасы аясындағы Сенат депутаты, Ұлттық Құрылтай төрағасының орынбасары, медиаменеджер, белгілі журналист Бибігүл Жексенбайдың «Медиадағы коммуникация: Ақпарат тасқынындағы дәлдік пен жауапкершілік» тақырыбындағы дәрісі өтті.

    Іс-шара барысында заманауи медиадағы ақпараттық ағынның қарқындылығы, қоғам санасына әсері, коммуникация сапасы мен этикасы туралы маңызды мәселелер талқыланды. Дәріс аясында қатысушыларға медиа саласында кәсіби біліктілігін арттыру, коммуникация құралдарын тиімді қолдану және ақпаратты жауапкершілікпен тарату жолдары көрсетілді.

    Сондай-ақ ақпарат дәуіріндегі коммуникация мен жалған ақпаратпен күрес тәсілдері, медиадағы жауапкершілік пен этикалық стандарттар, цифрлық медианың жаңа мүмкіндіктері мен қауіптері, ақпаратты сапалы жеткізу дағдылары мен әлеуметтік желілердің ақпараттық кеңістіктегі рөлі, жасанды интеллект технологияларды игеру, сонымен қатар, осы саладағы маңызды тенденциялар туралы айтты.

    Спикер журналистика саласындағы көпжылдық тәжірибесіне сүйене отырып, ақпарат кеңістігіндегі негізгі трендтер, медианың жауапкершілігі және жаңа коммуникациялық модельдер туралы баяндап, жас мамандарға құнды кеңестер берді.

    Дәріс медиа мамандары, журналистика студенттері және ақпараттық кеңістікке қызығушылық танытатын тұлғалар үшін маңызды тәжірибе болды.

    Бөлісу: