дүйсенбі, 31 наурыз, 2025

Атыраулық ер адам бұрынғы әйелін бауыздап өлтірген

/
сурет ашық дереккөзден алынды
Қайғылы оқиға 27 наурыз күні түскі уақытта әйел адам кабинетінде жалғыз қалған кезде болған.

Мазмұны

    Атырау облысында 33 жастағы жігіт экс-әйелін бауыздап өлтірді. Қанды оқиғаға қатысты Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлады turkystan.kz.

    Адвокат болып жұмыс істеген марқұмның артында екі баласы қалды. Күндіз шабуыл жасаған адам – Шоқпартоғай ауылының тұрғыны. Қылмыс жасап, қашып кетпек болғанмен, қаскөйді сақшылар бірден тауып, қамауға алған.

    «Жылыой ауданы Құлсары қаласында болған дерек бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары басталды. 33 жастағы күдікті ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», — дейді Атырау облысыныңполиция департаменті агенттік тілшісіне берген жауабында.

    Сұмдық оқиға Атырау облысының Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында орын алған. Atyrau Online Telegram каналының мәліметінше, оқиға жергілікті ауруханалардың бірінде болған.

    Белгілі болғандай, қайғылы оқиға 27 наурыз күні түскі уақытта әйел адам кабинетінде жалғыз қалған кезде болған. Кенеттен оның бұрынғы күйеуі кіріп келіп, оған пышақпен шабуыл жасаған.

    «Ол құтқаруын өтініп, айқайлады… Қызметкерлердің бірі оны қанға боялып жатқан кезде ғана көрген. Оның мойынынан фонтан болып қан атқылап жатты», — деп жазды аталмыш басылым.

    Бөлісу: