дүйсенбі, 31 наурыз, 2025

Қазақстан Елшісі Танзания Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

/
Тараптар екі ел арасындағы достық қарым-қатынас жайында сөз қозғады.

Мазмұны

    Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі, Мозамбик Республикасындағы және Біріккен Танзания Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушысы Еркін Ахинжанов Танзания Президенті Самия Сұлуху Хасанға сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлады turkystan.kz.

    Іс-шараның салтанатты рәсімі аясында өткен сұхбат барысында тараптар екі ел арасындағы достық қарым-қатынасына тоқталды. Саяси диалогты, сауда-экономикалық ынтымақтастықты және мәдени-гуманитарлық байланыстарды жан-жақты нығайтуға бағытталған дәйекті саясатты жалғастырудың маңыздылығы аталып өтті.

    Танзания Президенті Қазақстанның осы елдегі тұңғыш Елшісі Е. Ахинжановқа дипломатиялық миссиясында табыс тілеп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту өзара өркендеу мен дамуға ықпал ететініне сенімін білдірді.

    Бөлісу: