Мазмұны
Қазақстанда «қара тізім» енгізілуі телефондардың бағасына әсер етпейді, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Цифрлық даму министрлігі өкілінің айтуынша, жаңа жүйе ресми дүкендердегі бағаларға әсер етпейді.
"Верификация процедурасы телефонның бағасына әсер етпеуі керек. Ресми өкілдер барлық процедураларды өтіп, кедендік салықтарды төлеп қойған. Олар телефондарды нарықтық бағамен сатады. Ал егер "құжатсыз" телефондар Қазақстанға заңсыз әкелінген болса, олардың бағасы жоғарылауы мүмкін", – деді Кабенов.
Ол қазақстандықтар телефон сатып алар алдында құрылғының "қара тізімде" бар-жоғын тексере алатынын айтты. Мұндай телефондар 2025 жылдың 26 мамырынан бастап Қазақстанда жұмыс істемейді.
QAZTECH ақпараттық қауіпсіздік альянсының комитеті жаңа жүйе енгізілгеннен кейін мобильді телефондардың бағасы уақытша көтерілуі мүмкін деп болжайды.