Ол 72 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Мазмұны
Әйелдер күресінен Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Жәмилә Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды, деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстандық балуан финалдық бәсекеде Қытай спортшысы Юци Люден 4:1 есебімен басым түсті. Осылайша ол Азия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы бұл чемпионатты екі жүлдемен аяқтады. Бұған дейін Зейнеп Баянова қола медаль иеленген болатын.