Мазмұны
"Қазгидромет" синоптиктері ел аумағында 29 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Болжам бойынша, ауқымды антициклон Қазақстан территориясының басым бөлігіне өз ықпалын сақтай отырып, жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады.
Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және батысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен түнде жауын-шашын, күндіз жаңбыр жаууы күтіледі. ҚР шығысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, шығысында шаңды дауыл, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында тұман болады.
Атап айтқанда, Жамбыл, Жетісу облыстарында жел соғып, тұман түседі.
Батыс Қазақстан, Алматы, Ұлытау облыстарында тұман түседі.
Абай облысында шаңды дауыл соғады.
Шығыс Қазақстан облысында ауа райы жағдайына байланысты екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерту өзгеріссіз қалады.
Ақмола облысында еріген қар суы жолдарды, елді мекендерді, тұрғын үйлер мен коммерциялық ғимараттарды басып қалуы мүмкін.