Президент зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді
Мазмұны
Мемлекет басшысы Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Мьянмадағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, осы елдің Премьер-министріне және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.
Сонымен қатар зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.