дүйсенбі, 31 наурыз, 2025

Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1000-нан асты

/
28 наурызда, жергілікті уақыт бойынша түстен кейін, магнитудасы 7,7 және 6,4 балдық екі жер асты дүмпуі тіркелді

Мазмұны

    Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1002-ге жетті, ал зардап шеккендер саны 2376 адамға ұлғайды. Бұл туралы BBC елдің әскери билігіне сілтеме жасап хабарлады.

    Құтқарушылардың айтуынша, үйінділер тазартылған сайын құрбандар саны өсуі мүмкін. Қытай, Үндістан және Ресей Мьянмаға медициналық және құтқару топтарын жіберді.

    28 наурызда, жергілікті уақыт бойынша түстен кейін, магнитудасы 7,7 және 6,4 балдық екі жер асты дүмпуі тіркелді.

    Жер сілкінісі Қытай мен Таиландта да сезілді. Бангкокта аяқталмаған зәулім ғимарат құлап, оның қирандыларының астында бірнеше ондаған адам қалуы мүмкін деген болжам бар.

    Бөлісу: