дүйсенбі, 31 наурыз, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізді

/
Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Мазмұны

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманның Алматыға сапармен келгеніне ризашылық білдіріп, мұндай бейресми кездесулер жақсы дәстүрге айналғанын айтты.

    Бұл – бауырлас, достас мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмысты іскерлік сипатта тағы бір талқылауға орайлы сәт. Біз – одақтас елдерміз. Екі ел арасындағы ықпалдастық тұтас Орталық Азия өңіріндегі жағдайға тікелей әсер етеді, – деді Қазақстан Президенті.

    Мемлекет басшысы бауырлас халықтарды жақындастыруға, аймақтың орнықты және қауіпсіз дамуындағы ортақ мақсаттарды ілгерілетуге Шавкат Мирзиёевтің зор үлес қосқанын атап өтті.

    Бөлісу: