230
Әдемі көлік нөмірлерін сатудан Қазақстан бюджеті 5,2 млрд теңгеге толықты
Әдемі көлік нөмірлерін сатудан Қазақстан бюджеті 5,2 млрд теңгеге толықты
Әдемі көлік нөмірлерін сатудан Қазақстан бюджеті 5,2 млрд. теңгеге толықты. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сұранысы жоғары мемлекеттік нөмірлерді сатудың арқасында Қазақстан бюджеті 5,2 млрд. теңгеден астам сомаға толықты. 2014 жылдың қазанынан бастап, осы уақытқа дейін Ішкі істер министрлігі 13,5 мыңнан астам «әдемі» нөмірлер жиынтығын сатты», - деп жазды Алмас Садубаев.