235
Бурабай ЮНЕСКО-ның геопарктер тізіміне енуі мүмкін
Бурабай ЮНЕСКО-ның геопарктер тізіміне енуі мүмкін
Бурабай курортты аймағы ЮНЕСКО-ның геопарктер тізіміне енуі мүмкін. Бұл туралы Бурабайда өткен геоғылым және геопарктер бойынша ЮНЕСКО-ның Халықаралық бағдарламасының семинарында талқыланды, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Семинар Ақмола облысының әкiмдiгi, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО iстерi жөнiндегi Ұлттық комиссиясы, Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктер жөнiндегi Ұлттық комитетi және «Бурабай» МТҰП қолдауымен өттi. Шарада «Геопарк» дегенiмiз не? Бiрегей геологиялық сипаттағы аймақтардың геопарктердi құрудағы рөлi қандай? Геопарктер ерекше қорғалатын табиғи аймақтар ретiнде шектеле ме? Осы және басқа да сұрақтар талқыланды. Семинарға қатысу үшiн ЮНЕСКО-ның Париждегi штаб-пәтерiнен арнайы шақырылған спикерлер келедi. Олар - ЮНЕСКО-ның Халықаралық Геоғалымдар мен геопарктер бағдарламасының директоры Патрик Маккивер және ЮНЕСКО-ның Халықаралық Геоғалымдар мен геопарктер бағдарламасының консультантi - Сурен Гевиниан. Сондай-ақ басқосуға Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Асхат Қайнарбеков, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО iстерi жөнiндегi Ұлттық комиссиясының бас хатшысы Ә. Өтегенова, ЮНЕСКО-ның Халықаралық Геоғалымдар мен геопарктер бағдарламасының директоры Патрик Маккивер, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi комитетi төрағасының орынбасары Қ. Өстемiров, және Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктер жөнiндегi Ұлттық комитетiнiң төрағасы - Д.Вудворд сөз сөйлейдi. Сондай-ақ, семинарға көрнектi қазақ геологтары, жетекшi ғалымдар, биологтармен географтар, халықаралық ұйымдар мен бизнес-қоғамдастықтары, БАҚ өкiлдерi мен жергiлiктi тұрғындар қатысты. Өзiнiң баяндамасында Ә. Өтегенова семинардың мүдделi тараптардың Қазақстанда ЮНЕСКО-ның алғашқы геопарктерiн құру жөнiндегi диалогына бiрегей алаңын қамтамасыз ететiндiгiн атап өттi. «Бұл бастама, әсiресе EХРO 2017 қарсаңында өзектi болып табылады, сондай-ақ 2050 Стратегиясын жүзеге асыруға ықпал етедi және де табиғи ресурстардың сарқылуы мәселесiн қарастырады. Эко және геотуризмнiң дамуы бiздiң елге шикiзат өндiру экономикасына тәуелдiлiгiн бiртiндеп азайту ғана емес, сонымен қатар халықаралық аренада Қазақстанның туристiк бағыт имиджiн жақсартуға мүмкiндiк бередi», - дедi. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО iстерi жөнiндегi Ұлттық комиссиясы 1992 жылдан бастап жұмыс атқаруда. Комиссияның басты мақсаты ЮНЕСКО-ның құзыретi салаларда халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық жасасу болып табылады, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның iс-шараларына қатысу арқылы халықтардың өзара түсiнiстiгiне бағытталған рухани келiсуiне және халықтың топтасуына, бiлiм бағдарламаларын жетiлдiруге, мәдениеттердiң әртүрлiлiгiн дамытуға және таратуға, мәдени мұраны сақтауға және арттыруға, сондай-ақ дәстүрлi бiлiм мен дағдыларды, ақпараттың бостандығына ықпал жасауға қызмет етедi. Комиссия жанында 6 ұлттық комитет жұмыс атқарады, оның iшiне жақында құрылған ЮНЕСКО жаһандық геопарктер iстерi жөнiндегi Ұлттық комитетi де кiредi.