281
«Әліппе» мектепке дейінгі дайындық үшін бағдарламасына енгізіледі
«Әліппе» мектепке дейінгі дайындық үшін бағдарламасына енгізіледі
Жоба аясында балалардың мектеп алды дайындығын теңестіру үшін 2017 жылдан бастап «Әліппе» мен оны сүйемелдейтін бағдарлама енгізіледі, деді білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева Парламент Мәжілісінде өткен мектепке дейінгі дайындыққа қолжетімділік мәселесіне арналған дөңгелек үстел барысында.
«Қазіргі таңда «Әліппе» жобасы әзірленіп, сараптамаға жіберілді. Қазір депутаттарға жоба таныстырылады. 2017 жылы біз республиканың барлық балабақшаларына аталмыш жүйені енгіземіз», - деді вице-министр. Министрлік хабарлағандай, ата-аналарды үйретуге де назар аударылады. «2016 жылдың зерттеуі көрсеткендей, ата-аналардың 40 пайызы мектепке дейінгі білім беру бойынша дұрыс ақпараттандырылмаған. Жалпы, ата-аналардың 48,7 пайызы баланы физиологиялық тұрғыда дамыту әдістерін білмейді», - деді Эльмира Суханбердиева. Мектепке дейінгі жастағы балаларды дамыту бойынша ата-аналарды ақпараттандыру үшін балабақшалар жанынан кеңес беру пункттері мен ҚР БҒМ Отбасы.kz сайтын әзірлеген болатын. «Сайтта ата-аналар 6 оқыту модулі бойынша ақпарат алады: денсаулық, тамақтану, қауіпсіздік, тәрбие беру және коммуникация, оқыту, ойын мен дамыту ерекшеліктері. Әрбір модуль видео, аудио және мәтіндік контентті 3 жас санаты бойынша қамтиды: ол сәби кезінен бір жылға дейін, 3 жылдан бастап, 5-6 жасқа дейін», - деді ол. Спикер атап өткендей, мектепке дейінгі білім беру туралы ақпаратпен нормативпен танысу, өз өңіріңнен мектепке дейін білім беруді меңгеру арқылы ала алады. «Қазіргі таңда сайттың қолданушылары тіркеліп жатыр. Сайт ресурстары тегін және ол ата-аналардың кеңестік пунктінің құралы ретінде жетілдіріледі», - деді вице-министр.