Бауыржан Байбек ЖапониядаТокио қаласының әкімімен жүздесті

Бауыржан Байбек ЖапониядаТокио қаласының әкімімен жүздесті

Бауыржан Байбек ЖапониядаТокио қаласының әкімімен жүздесті
ашық дереккөзі
237
Тараптар  инвестициялық, сауда-экономикалық салалар және қаланы одан әрі амыту бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.  «Токио мэрі Алматыда өткен дүниежүзілік қысқы Универсиаданың жоғары деңгейін ерекше атап өтті және Астанада болатын Халықаралық EXPO-2017  көрмесіне  табыс тіледі», - делінген хабарламада.  «Мен Алматыда болғанмын, қала маған ерекше ұнады. Сіздің бұл сапарыңыз өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жаңа серпіліс береді деген ойдамын», -  деп атап өтті  Ю.Койке.  «Tokyo Seiko MFG» компаниясы басқармасының төрағасы Шигето Танакамен болған кездесуде Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта орналасқан «Tokyo Rope Almaty» метиз зауытын салу жөніндегі жобаның екінші кезегін жүзеге асыру мәселелері талқыланды.  «Tokyo Rope»  компаниясының Алматыда болат өнімдерін шығарумен айналысатын алғашқы жапондық зауыты өткен жылдың қараша айында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткен телекөпір барысында Жапониядан іске қосылған еді.  Әлемдік рейтингте 10 үздік банктер қатарына енген «The Bank of Tokyo-Mitsubishi UFG» басшылығымен кездесу барысында Бауыржан Байбек Алматыда біріккен жобаларды жүзеге асыруға ірі қаржы конгломератының қолдайтындығына сенім білдірді.  Жол қозғалысын басқаратын Токио Орталығында болғаннан соң «Смарт сити» жобасы аясында Алматының даму Орталығы қала трафигін басқарудың осыған ұқсас орталығын құру үшін сараптамалық есептеулер жүргізеді.  Өз кезегінде «Алматы Су» холдингі «YYS International Pte» компаниясымен бірге суды тазартудың коагулянтты гранул  жүйесін жүзеге асырады.  Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы  делегациясы жұмыс сапары барысында сауда, инвестиция, қызмет көрсету бойынша әлемдегі ең танымал корпорациялардың бірі «Mitsui&Co.» офисінде болды, сонымен қатар «Shimizu» сейсмологиялық компаниясы зерттеу орталығының жұмысымен танысты.

Серіктес жаңалықтары