Жол қозғалысы туралы заңға енгізілген 55 түзету

Жол қозғалысы туралы заңға енгізілген 55 түзету

Жол қозғалысы туралы заңға енгізілген 55 түзету
ашық дереккөзі
304
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде "Жол қозғалысы туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасы талқыланды. Жиын барысында белгілі болғандай, Қазақстанда жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кеткені үшін жүргізуші куәлігінен айыру жазасы енгізіледі.  «Біз заңнамада тыйым салынған жолдың қарама-қарсы жолағына шығу туралы норманы күшейтейік деп шештік. Бұл ретте қарама-қарсы жолаққа шығып бұрылыс жасау да жүргізуші куәлігінен айыруға алып келеді», - деді ол. Оның айтуынша, заңға мотоциклмен жүріп келе жатқанда жүргізушіде, жолаушыда мотошлемді киюін міндеттеу туралы талап енгізіледі. Бұған дейін аталған норма жол қозғалысы ережесінде ғана болған. Сонымен қатар енді Қазақстанда жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен жағдайда қайта емтихан тапсыру жойылады.  Жалпы, депутаттар аталған заңға енгізілуі тиісті 120-дан астам түзетуді қарастырған. Нәтижесінде оның 55-і қалып отыр.  Заңда жол жүрісі ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды азайту, құжаттарды тексеру барысында көлік жүргізушіге  фото және бейнетүсірілім жасауға рұқсат беру, күндізгі уақытта елді мекендер ішінде жүрген кезде көліктің жақын жарығын қосу міндетін алып тастау, ішкі істер органдарының қызметкерлері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жолаушылардың көліктен шығуға тыйымды алып тастау, жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда қайта емтихан тапсыру талабын алып тастау көзделген.

Серіктес жаңалықтары