Байбек Швейцария делегациясымен кездесті

Байбек Швейцария делегациясымен кездесті

Байбек Швейцария делегациясымен кездесті
ашық дереккөзі
197
Алматы әкімі Бауыржан Байбек құрамында Тичино кантоны Сауда- өнеркәсіптік палатасы директорының орынбасары Марко Пассалия, Axion Swiss басқарма төрағасының орынбасары Bank Альберто Лотти, Enet Energy SA компаниясының басшысы Баруджия Матийа, сонымен қатар ҚР-дағы осы елдің Төтенше және өкілетті Елшісі Урс Шмид бар Швейцария делегациясымен кездесті. Тараптар сауда –экономи калық және мәдени байланыстар туралы әңімелесті. Марко Пассалия өзінің сөзінде өткен жылдың мамыр айында Алматы мен Лугано арасындағы Меморандумға қол қоюдың өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайта түскенін айтты. «Біз ТҚҚ-ды қайта өңдеу, электрэнергиясы жүйесінің тиімділігін арттыру және бірқатар мәдени- туристік бағыттағы нақтылы жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылау үшін келдік. Өзара ынтымақтастық ауқымын едәуір кеңейте аламыз деп ойлаймын», - деді М.Пассалия. Астанада өтетін Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне Швейцарияның бірнеше энергетикалық компаниялары қатысатындығын жеткізді. «Жалпы, бұл біз үшін маңызды қадам әрі Алматы бойынша бірқатар жобаларды талқылауға кең мүмкіндік ашады», - деп атап өтті Тичино кантоны Сауда- өнеркәсіптік палатасы директорының орынбасары. Швейцария делегациясын қабылдау барысында Индустриалды аймақ пен «ИТП»АЭА- да шетелдік компаниялардың өндірістік әлеуетін көтеретін мүмкіндіктердің бәрі жасалғандығы айтылды. Мегаполис әкімі швейцарлық туристік компанияларды 19-21 сәуір аралығында Алматыда өтетін «Туризм және сапар» деп аталатын KITF халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.

Серіктес жаңалықтары