237
Астанада құрылысы бітпеген нысандардың жәрмеңкесі өтеді
Астанада құрылысы бітпеген нысандардың жәрмеңкесі өтеді
Астана әкімдігі қалалық прокуратурамен бірлесіп, құрылысы бітпеген нысандардың жәрмеңкесін өткізеді. Шараның мақсаты – Астана қаласында құрылысы тоқтап қалған проблемалық нысандарды салып бітіру, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде сегіз тұрғын үй кешені саудаға шығарылады:
1. «Араби-2» ТК, Ж.Тархан және А.Жұбанов көшелерінің қиылысы;
2. «Скай сити» ТК, Комсомольский тұрғын алабы;
3. «Алға Самал» ТК, Қорғалжын тас жолы ауданы;
4. «Байтау» ТК («Black gold development» ЖШС), Мәнгілік Ел даңғылы;
5. «Столичный-2» ТК, Сарыарқа және Абай даңғылдарының қиылысы;
6. «Үміт береке» ТК, Қорғалжын тас жолы ауданы;
7. «Альбаракат» компаниясының «Жайлау Сити» ТК, Қосшы кенті;
8. «Табысқұрылтай» ТК, Қосшы кенті.
Жәрмеңкеге «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ҚР ИДМ Инвестициялар жөніндегі комитетінің, еліміздің бизнес қауымдастығының өкілдері, құрылыс ұйымдары қатысады деп күтілуде. Шараға даму келешегі зор құрылыс нысандарына қаржы құюға ниетті әлеуетті инвесторлар шақырылады. Әлеуетті сатып алушылар үшін төлқұжаттары бар нысандармен танысуға арналған материалдар дайындалды. Жәрмеңке «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әкімшілік ғимаратында өтеді.